Денсаулық
Қазақстанда McDonald's мейрамханасының қашан ашылатыны белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 25 ақпан, 2016
- 651
Қазақстанда McDonald's мейрамханасының қашан ашылатыны белгілі болды
McDonald's мейрамханасы Астанада 8 наурыз күні ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мейрамхана ғимараты Қабанбай батыр, 26 даңғылында орналасқан.
McDonald's компаниясының мәліметінше, мейрамхана аумағы - 863 шаршы метр. Мейрамханада 206 орын бар. Кәсіпорында 200-ден аса жұмыс орны ашылады. Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі McDonald's-тің екінші мейрамханасы Бөгенбай батыр, 49 даңғылында орналасатынын хабарлаған еді.
Еске салайық, McDonald's мейрамханаларының Қазақстанда ашылатыны жайлы 2014 жылдың қарашасында белгілі болған еді. Оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады делінген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




