Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 25 ақпан, 2016
- 726
Елімізде алдағы күндері ауа температурасы жоғары болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, Сібір антициклоны атлантика циклонымен байланысты ылғалы мол жылы ауа массасының ығыстыруымен, ыдырап барады. Ал оның орнына еліміздің аумағына Ресейдің Еуропалық аумағынан және оңтүстік-батыс Азиядан жылы атмосфералық фронттар келеді.
"Атмосфералық фронттарға байланыста еліміздің басым аумағында жауын-шашынды, бұлтты (жаңбыр, қарлы жаңбыр) болады. Сонымен қатар, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік облыстарда желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Дегенмен, ауа температурасы климаттық нормадан әлі де жоғары болады", - деп хабарлады метеорологтар.
Еске сала кетейік, синоптиктер қаңтар айының соңында ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялап, қыстың соңғы айында елімізде ауа райының қарлы әрі аязды болатынын болжаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




