Облыстық «Ақ жол» газеті бас редакторының жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай газеттің 13 ақпан күнгі №18 санында жарияланған «Жамбыл тауының етегінде» атты мақаласын оқып отырып, өткен бір оқиға есіме түсіп, қолыма қалам алдым. Бұл 1958 жылдың шілде айы еді. Свердлов (қазіргі Байзақ) аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс жасайтынмын. Кезекті демалысымды алып, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл совхозында тұратын нағашыларыма келдім. Қасымда шешем, інісі Тулақбай Молдабеков, жұбайы Күлғаныс Қожабергенова, қарындасым Күлайым бар, екі-үш күн нағашыларды, басқа да жегжаттарды араладық. Жамбыл тауында отырған кісілерге де бардық. Бірер күн шөбі шүйгін, көк майса жайылымда жақсы демалдық. Негізгі олжамыз – Жамбыл тауында Жамбыл бабамыз туған жермен тыныстадық. Баба жөнінде толық мағлұмат алдық, биіктеу шоқыларға шығып жан-жақты бағдарладық. Тегін жер емес екендігін сездік. Осында жүргенде тоғызыншы сыныпта оқитын қарындасым Күлайым «Өлкенің табиғаты тамаша екен. Жамбыл бабамыздың туған жері ғой. Әр жазда қыздармен, балалармен экскурсия жасап келіп тұрса» деген еді. Бабамыздың еңбегі мен атақ-даңқы жөнінде қанша айтсақ та таусылмайтын әңгіме. Соғыс кезінде жазған бір ғана «Ленинградтық өренім» өлеңі кеңес халқының намысын жаныған жоқ па?! Осы өлең қаншама адамға рух беріп, жігерлендірді? Ендеше, бабамыздың кіндік қаны тамған жерде өзі жырға қосқан ұрпақтары арнайы есткерткіш орнатса жарасып тұрар еді. Әлем таныған ұлы ақынның ескерткіші бой көтерсе, туристер де қызыға тамашалауға келетіні анық.
Рәш Шәметұлы, ауданның Құрметті азаматы.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді