Денсаулық
Алматыда қазақ үй түріндегі баспаналардың құрылысы басталды (фото)
- author «Ақ жол»
- 24 ақпан, 2016
- 666
Алматыда қазақ үй түріндегі баспаналардың құрылысы басталды (фото)
Әлемде қазақ үй түріндегі күмбезді үйлер күн санап бой көтеріп келеді. Бұл технология батыс елдерінен бастау алды. Дөңгелек үйлерді салу шаршы үйлерді салғаннан әлдеқайда арзанға түсетін көрінеді. Оның үстіне үй ішіне жиһаздарды қою да қиындық тудырмайды,-деп жазады Stan.kz. Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.Сондай-ақ, мұндай үйлерде жылу да үнемді пайдаланылады.
Күмбез үйлерге қымбат іргетастың да қажеті жоқ. Мұндай үйлер ағаш қаңқалармен тұрғызылады. Төменгі жағы темір қазықтармен тартылады. Үйдің қабырғаларына жылылықты ұстап тұру үшін арнайы көбіктер қолданады.
Осындай күмбезді үйлердің бірі Алматыда да салына бастады. Үйдің аумағы 38 шаршы метрді құрайды. Үйдің құрылысы бірнеше айда аяқталуы тиіс. Коттедж сатып алушылар үшін 4,2 миллион теңгеге бағаланады.
Алайда, 3,6 миллион теңгеге құрылыс заттарын сатып алып, үйді 150 шаршы метр жерге өзіңіз салғанының әлдеқайда тиімді болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




