«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырып жіберген әйелдің күйзеліске ұшырағаны анықталды

Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырып жіберген әйелдің күйзеліске ұшырағаны анықталды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырып жіберген әйелдің күйзеліске ұшырағаны анықталды

Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырып жіберген 54 жастағы әйелдің күйзеліске ұшырағаны анықталды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратура өкілдеріне сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеу шараларының барысында күдіктінің психологиялық жағдайын анықтау мақсатында кешенді сот психологиялық-психиатрлық сараптама тағайындалды, оны өткізу Жамбыл облыстық психиатрлық диспансерінің сарапшыларына тапсырылған. Бұл сараптаманың қорытындысы бойынша, күдіктіде реактив күйзеліс әсерінен эмоционалдық-ерік ауытқушылықтары байқалған, оны амбулаторлық жағдайда анықтау қиын. Осыған байланысты, әйелдің диагнозын нақтылау үшін психологиялық-психиатрлық сараптама тағайындалды. Ол Алматыдағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия мен психотерапия орталығында жасалады", - деп хабарлады Жамбыл облысының екінші басқармасының прокуроры Болат Мұстафаев.

Оның айтуынша, күдіктіні Алматыға жөнелту бойынша барлық құжат дайын. Прокуратурадағылар күдіктінің таяу күндері Алматыға жол жүретінін де нақтылады.

Айта кетейік, осыған дейін әйел өз әрекетін түсіндіріп бергенболатын. Әйел қызының кәмелетке толмай босанып қалғанына байланысты туыстары мен ауылдастарының алдында масқара болғандықтан және ұялғандықтан осы іске барғанын мойындаған еді.

Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қуанышев сәбидің әкесінің аты-жөнін атады - 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов, Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен, ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан еді.

Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, Үшарал ауылдық округінің әкімі, Талас ауданының бас дәрігері мен оның орынбасары қызметтерінен кетті.

Ұқсас жаңалықтар