Денсаулық
АҚШ азаматы қазақ қыздарының сұлулығына тәнті екенін айтты
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2016
- 208
АҚШ азаматы қазақ қыздарының сұлулығына тәнті екенін айтты
АҚШ азаматы Нейтан Лолер Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте бейбіт өмір сүруге болатынын айтады деп жазады NUR.KZ тілшісі.
«Мен қазақстандықтарға алғысым шексіз, олар бізді құрметтейді. Базарға барсаң да, спорт залға барсаң да мейіріммен қарсы алады. Мұнда ештеңеге алаңдамай өмір сүруге болады», - дейді ол.
Нейтан Америкада тұратын достарының «стан» тіркесі арқысы Қазақстанды көбіне Ауғанстанмен шатастыратынын айтады.
«Америкадағы достарыммен әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп тұрамын. Олар Қазақстан туралы көп сұрақтар қояды. Олар «стан» сөзімен Қазақстан туралы кері түсінеді. Қазақстан Ауғанстан сияқты емес деп түсіндіремін. Олар сонда да «стан» туралы көп сұрайды», - дейді америкалық азамат.
Сондай-ақ Нейтан қазіргі таңда өзінің орыс тілін үйреніп жатқандығын айтты.
«Қазақ елі көп ұлтты мемлекет. Біз Қазақстанда тұрғандықтан үш тілді білу керектігін елбасының өзі айтты. Мен қазір орысша үйреніп жатырмын. Шетелдіктер үшін Қазақстан президентінің ерекшелігі ядродан бас тартуымен танымал болды. Егемендігін алған кезде ядродан бас тартуын әлем жақсы қабылдады деп ойлаймын. Соншама ядролық қару ұстап, одан бас тартқандары біз үшін үлкен жаңалық болды, бағасын жоғарылатты», - дейді Нейтан Лолер.
Лолер Назарбаев мектебіндегі бағдарламалар қарапайым мектептерде қолданатын болса, білім сапасы жақсарады деген ойда.
«Назарбаев мектебінде жұмыс істеймін. Мұндағы оқушылар өте сауатты. Олар тек Қазақстанның ғана емес, әлемнің көшбасшылары бола алады. Біздің мектепте тәжірибеге сүйеніп үйрететін көптеген жаңа әдістер қолданылады. Осы бағдарламаларды басқа мектептерде де жүргізсе жақсы болар еді. Біздің елбасымыздың саясаты бойынша, білім алу заманауи үлгіде жүріп жатыр. Басқа мектептерге көмек бергіміз келеді», - дейді Нейтан Лолер.
Сонымен қатар, Лолер қазақ қыздарының сұлулығына тәнті екендігін де жасырған жоқ.
«Қазақстандық қыздар өте әдемі. Американдықтан айырмашылығы бар. Қазақ қыздары өте жақсы киінеді. Американдық қыздар үйден шыққанда джинсы шалбар мен футболка киіп жүре береді. Қазақстандық қыздар құндыз тон, жақсы аяқ киім, жақсы шаш үлгісімен жүреді. Олар өздерін таза ұстайды, әдемі киінеді», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина мамандарына қолдау
- 23 қараша, 2024
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді