Шетелдік сарапшы Қазақстанды Дубаймен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Қазақстан Жоғарғы соты жанындағы Халықаралық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Халықаралық кеңес мүшелерінің бірі, Дубай халықаралық орталығының соттарды тіркеушісі, Халықаралық сот әкімшілігі ассоциациясының вице-президенті Марк Биир ҚР Жоғарғы сот басшысын әділ сот индексі бойынша Қазақстанның Бүкіләлемдік банк рейтингінде позициясын жақсартуымен құттықтады.
"Соттардың жұмысының қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Сіздердің көздеген нәтижеге жететіндеріңізге күмәнім жоқ. Мен үш нәрсені атап өткім келеді. Біріншіден, Қазақстан - жаһандық ел. Қазір Дубай да Астана сияқты үлкен қалаға айналды. Сондықтан да мұндай жерлерде қабылданған шешім бүкіл әлемге әсер етеді. Менің ойымша, Жоғарғы сот Қазақстанның әлемдік экономикадағы ролін айқындау мақсатында осындай кеңес құрды", - деді Марк Биир.
Ол кез келген елде инвестицияның жақсы тартылуы әділ сот жүйесінің дұрыс қалыптасуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді.
"Халықаралық инвестиция қорында 17 триллион доллар бос жатыр. Бұл қаражат ақша қауіпсіздікте сақталатын елдің нарығына шығарылады. Мұны Дубай тәжірибесінен білемін. Астана қаржы орталығының да осындай тәжірибеге ие екеніне күмән келтірмеймін", - деді Марк Биир.
Қазақстан Жоғарғы сотының басшысы Қайрат Мәми өз кезегінде Қазақстанның сот жүйесінің алдында әлемдік стандарттарға негізделген, соның ішінде инвестиция саласындағы жаңа міндеттер тұрғанын мәлімдеді. "Біз үшін нәтижелі әділ сот қоғамдағы тұрақтылық пен үміттің кепілі", - деді Қазақстан Жоғарғы сотының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




