Алматыда 15 мың теңгенің ыдыстарын 1 мың доллардай ақшаға сатқан румыниялық алаяқтар ұсталды
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2016
- 606
Алматыда алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Румыния азаматтары ұсталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Алматыда жергілікті тұрғындардың шағымы бойынша Румынияның 17 азаматы Наурызбай аудандық ІІБ жеткізілді.
«Қазір тергеу бөлімінің өндірісінде шетелдіктерге қатысты екі алматылық азаматтың арызы жатыр. Олардың айтуынша, өздерін «шетелдік туристерміз» деп таныстырған бір топ ер азаматтар «брендтік тауарлар» деп оларға арзан ыдыс-аяқтар сатқан. Румыния азаматтары жергілікті тұрғындарға аяқ астынан отандарына кетуге тура келгендіктен ақшаға мұқтаж болып тұрғандарын сылтау етіп айтқан. Осылайша, қолдан жасалған арзан ыдыс-аяқтар сатқан. Күдіктілер ұсталған соң, олардың бұл ыдыстарды Алматы базарларының бірінен сатып алғаны белгілі болды», - деді Наурызбай аудандық ІІБ бастығы, Мұхит Шайхин.
Шет елдіктер бұйымдарды екі есе қымбат бағамен сатқандарын жасырмайды. Олар алғашқы тергеу барысында ыдыс-аяқтарды 15-16 мың теңгеге сатып алып, 1 мың доллардай ақшаға сатқандарын мойындады. «Шетелдіктер Алматыда пәтер жалдап тұрған. Жалға алынған қымбат көліктермен жүрген. Сөйтіп, жергілікті азаматтардың сеніміне кіріп алып, өздерінің арам ниеттерін жүзеге асырған болса керек. Егер олардың алаяқтық іс-әректтерінен зардап шеккендер бар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуларына болады:254-44-60; 254-44-61 и 254-44-63», - деді полковник Шайхин.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




