Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен С.Матаевты ұстады
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2016
- 662
2016 жылы 22 ақпанда Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР ҚПК 128-бабы негізінде бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен Сейтқазы Матаевты ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Еске сала кетейік, бүгін Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы Ақпараттандыру жөніндегі комитет пен «Қазақтелеком» АҚ-на мемлекеттік саясатты дамыту мен баспа басылымдарына материалдар жариялауға бөлінген 300 миллион теңгеден аса қаражаттың жымқырылғанын анықтады.
Аталған ведомстволар осы мақсатта «ҚазТАГ ХАА» ЖШС және «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігімен келісімдер бекіткен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаментініңхабарламасында аталып өтілгендей, Ақпараттандыру комитеті аударған 80 млн. теңге көлеміндегі және «Қазақтелеком» аударған 260 млн. теңге көлеміндегі қаржыны Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев қолма-қол ақшаға айналдырды. Сонымен қатар, тергеу анықтағандай, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан Матаев 1,4 млрд. теңге сомасындағы қаражатты қалтасына басты, 327 млн. теңге көлеміндегі салық төлемеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




