«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Журнал аты – «Шинжяң қазақ жастары»

Журнал аты –  «Шинжяң қазақ жастары»
ашық дереккөз
Журнал аты – «Шинжяң қазақ жастары»

Сенбек ӘУЕСҚАНҰЛЫ,  Қытай Шинжяң «ІЛЕ КЕШІ» газетінің тілшісі хабарлайды:

Қытай Халық Республика­сындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінен газетіміздің электронды поштасына хат келді. Бұл – шетелдегі қандастарымыздың газетіміздің aqjolgazet.kz сайтына көңіл бөліп, оқитынын көрсетеді. Қазақ елінің, оның бір өңірі – Жамбыл облысының жаңалықтарымен танысып қана қоймай өз өлкелеріндегі игі істермен де бөліскісі келіп, сондағы қандастарымыздың рухани байлық­тары турасында мақала  жолдапты. Шыңжаңдағы бауырымыз­дың хабар-ошарын алдағы уақыттарда қуана жариялап тұратынымызды білдіре отырып, алғашқы мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Іле жастар-өрендер газет-журнал мекемесі жанынан шығарылатын бір газет, екі журналдың аты өзгертілетіні жайлы өткен жылдан бері айтылып келген еді. Сол игі іс орындалып, 2016 жылы қаңтардың соңғы шенінде «Іле жастары» журналы «Шинжяң қазақ жастары» деген атпен шыға бастады. Жаңа атаумен шыққан журналдың алғашқы саны жастарды қамтыған жалпы қазақ оқырмандарын шаттыққа бөледі. Мұқабадағы әйгілі хаткер Әбдімажит Ертуғанұлы жазып берген «Шинжяң қазақ жастары» деген көркем жазу ерекше көз тартады. Журнал бетіне үздік мултфилм режиссері сыйлығының иегері Арысбек Нұқанұлының суреті басылған.

Мұқабаның 2-бетінде осы мекеме жағынан шығарылатын, аты өзгеріп, түлей түскен «Шинжяң қазақ жастары», «Шинжяң қазақ балалары» журналдарының, «Шинжяң қазақ өрендері» газетінің бас беттері фото күйінде берілген. Мұқабаның 3-бетінен Қайрат Қайыпжанұлының фотосурет туындылары, мұқабаның 4-бетінен Айқын Имашұлының «Жылқышы» атты май бояу суреті орын алған. Журналдың тыйтол бетінде «Жанкүйер оқырмандарға жалынды сәлем» деген атпен мекеменің оқырмандарға жолдаған ыстық ықыласты сәлемі жарияланған. 

Мазмұнына келсек, журнал «Замана дидары», «Құлшынғанға құт үйір», «Тез басы», «Ортаға салар ойлар бар», «Ой қозғар», «Талғам таразысы», «Ұлағат», «Ана тілі – алтын қазық», «Сыр шертер», «Мыс қоңырау», «Бүгінгі қара сөз», «Жеті бояу», «Тұздық» деген айдаршалар­мен түрленіп, әрленіп тұр. Кезіндегі Іле райондық одақ көмитетінің сол тұстағы орынбасар секратары Қапез Сүлейменовтың бас редакторлық, Құбақан Дткейұлы мен Му Ын жолдастың орынбасар бас редакторлық міндет арқалауымен, Дәулет Желікбәев, Әбдікерім Есенжолов, Жанәбіл Жәбіқбаевтердің мақала әзірлеу жұмыстарын істеуімен 1956 жылы қазан айынан бастап 32 форматты, 18 беттік айлық журнал болып жарық көрген «Іле жастары» журналы талай-талай ыстық-суықты, бірталай өзгерісті бастан кешіп, 60 жылдық тарихты өткеріп, қазірге дейін жалпы 722 саны шығып, халыққа мол рухани азық сыйлаған белді басылымға айналды. 1982 жылы қаңтардан бастап 16 форматты, екі баспа табақтық (64 беттік), көркем сызба, фотосурет мұқабалы тұрпатпен шыға бастаса, 2015 жылы қаңтардан бастап іші-сырты бірдей түсті басылыммен басылды, енді міне, жоғары дәрежелі орындардың мән беріп, қолдауымен «Шинжяң қазақ жастары» болып шығып отыр. Іле жастар-өрендер газет-журнал мекемесінің орынбасар бастығы, орынбасар бас редакторы Қуандық Нүсіпқанұлы үш басылымның аты өзгеруіне байланысты қуанышымен былай деп бөлісті: – Бұл үш басылымның алдының шыға бастағанына – 60 жыл, соңғысының шыға бастағанына – 21 жыл болды, бұл басылымдар басқару құрылымының Іледе болуына байланысты ат жағынан «Іле» деген сөзді арқау еткенімен, әуелден-ақ тұтас еліміздегі қазақ жастары мен өрендерін оқырман обиектісі еткен. Десе де, бұл аттардың өңірлік шектемесі де болмай қалған жоқ. Осындай себептерден мекемеміздің басшылары жоғарыға доклад жазып, үш басылымның атын өзгертуді өтінді. Мемлекетіміздің қамқорлығында орталық ақпарат – баспасөз мекемесінің бекытуымен бұл жұмыстар ресми орындалды. Мұның өзі – дәуірдің талабы, реформаның қажеті, ұлтымыздың зор қуанышы. Осы орайда барша оқырманды қуаныштарымен құттықтаймын, алдағы жерде үш басылымды мазмұны мен көркемдігін сәйкестіре отырып тіпті де сапалы шығаруға құлшынамыз. Ал журналдың көне оқырман, сырлас достарының бірі – Серікбөл Дәулеткелдіұлы: – Журналдың шыға бастағанына 60 жыл толу қарсаңында атының өзгеруі қуаныш үстіне қуаныш болды, бұл журнал біз сияқты талайлаған жастың қаламын ұштады. Журнал редакциясындағы қызметкерлерге үлкен алғыс айтамыз, қазіргі қосынның осы орайды үлкен бастама деп біліп, тіпті де зор нәтиже жарата берулеріне тілеулеспін! – деді.

Қытай Халық Республикасы.

Ұқсас жаңалықтар