Жамбыл облысындағы оқиға бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады - ҚР ІІМ
- author «Ақ жол»
- 19 ақпан, 2016
- 229
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында жағдай тұрақты, жапа шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері қоғамдық тәртіпті және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдады.
«Сонымен бірге, ұялы байланыс мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар қасақана Қазақстанның басқа аумақтарында болған кісі өліміне қатысты фотосуреттер мен бейнебаяндарды тіркеп, оның Бурыл ауылындағы оқиғамен байланыстыратын жалған ақпараттар таратуда. Бұл шындыққа еш сәйкес келмейді», - делінген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Осыған орай, ІІМ жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, жауапқа тартылатын болады.
«Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді», - делінген баспасөз баянында.
Еске салайық, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 ақпан күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа жетпеген А.С.Дүйсенбектің зорлық белгілері бар денесі табылды. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөліміндегі 14-тармақшасы (кәмелеттік жасқа жетпегенді әдейі өлтіру) бойынша тергеу басталды. 16 ақпанда өз кінәсін мойындаған К. есімді күдікті азамат ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.
«Қылмыстың қайтыс болған баланың отбасының мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығына байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басшылығы жиын өткізіп, жиналған адамдарға тергеудің алдын ала қорытындылары туралы сенімді ақпарат берілді», - делінген хабарламада. ІІД-де елді мекендегі жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді