Қазақстанда Тәуелсіздіктің 25-жылдығына - «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты патриоттық интернет-акция басталды
- author «Ақ жол»
- 18 ақпан, 2016
- 728
18 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты Жалпыұлттық акциясы бастау алды.
Интернет-акция Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған.
Акция кезінде әлеуметтік желілерді пайдаланушылар 25.el.kz арнайы сервисінің көмегімен бір мезгілде өздерінің аватарларын безендірді.
«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» Жалпыұлттық акциясы басталған сәтте 30 мыңнан аса әлеуметтік желілерді пайдаланушылар жеке парақшаларын жаңартқандығын атап өткен жөн.
Баспасөз конференцияның қатысушылары сөз сөйледі. Олар: Әсет Мұқажанов, Гүлмира Дайрабаева - жүргізушілер; Алуа Құсайынова, Айгүл Шерниязова – акцияның бастамашылары; Нұрсұлтан Құрманов, Данияр Сүгірәлинов, Кәмшат Қоскелова, Ерлан Көкеев; Маржан Арапбаева; Әділ Ахметов – шығармашылық қоғамның өкілдері.
Мәскеу, Шаңқай, Лондон, Вашингтон қалаларында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген еліміздің ЖОО-ның белсенді студенттері бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы қосылған болатын.
Орталық коммуникациялар қызметі, «Хабар»Агенттігі, «Қазақстан» ҰТК, «Қазмедиа Орталығы» АҚ, «Қазконтент»АҚ, Ortcom.kz, Bnews.kz. Nur.kz, El.kz ақпараттық қолдау көрсетті.
Акцияға қатысушылар патриоттық стильде аватарларды жаңартуға және жобаға қатысуға шақырды!
Толық ақпаратқа келесі сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: 25.el.kz
ҚР Президенті жанындағы
Орталық Коммуникациялар Қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




