«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елімізде жаңа автомобильдер саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады

Елімізде жаңа автомобильдер саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады
ашық дереккөз
Елімізде жаңа автомобильдер саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады

Елімізде жаңа автомобиль саудасы қаңтар айында 45,68 пайызға құлдырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан автомобиль бизнесі ассоциациясына (ҚАБА) сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар айындағы ресми сауда нарығы соңғы 4,5 жылдағы (2011 жылдан бері) жаңа минимумға жетіп отыр. Жыл бойынша салыстырғанда сауда 2015 жылғы қаңтарға қарағанда 55,25 пайызға дейін құлдыраған.

"Осылайша, қаңтар айының нәтижесі ҚАБА-ның болжамынан төмен болып шықты. Елдегі шикізат және қаржы нарығы қазақстандықтардың тұтыну белсенділігін төмендеткен фактор болып отыр. Сонымен қатар, автомобиль нарығына дәстүрлі маусым факторы да әсер етті", - деп хабарлады ассоциациядағылар.

Сонымен, сатылымы бойынша дәстүрлі түрде көш бастап тұрғандар - ресейлік брендтің автомобильдері - 457 дана сатылған автомобилімен рейтингтің үшінші орнын алды (ал желтоқсан айында 1180 көлік сатылған еді). Сатылған автомобильдердің рейтингінде Toyota 761 дана көрсеткішімен бірінші орынды (2015 жылдың желтоқсанында 597 көлік сатылған - бұл саудасы 27,47 пайызға өсті деген сөз). Renault бренді екінші орында. Бұл маркадағы 559 дана автомобиль сатылып кеткен, ал желтоқсан айында 847 көлік сатылған (34 пайызға төмендеген).

 src=

Ал отандық өндіругілер қаңтар айында 486 автомобиль сатқан. Бұл желтоқсан айындағы көрсеткіштен (833 дана) 42,65 пайызға төмен.

Ұқсас жаңалықтар