«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC» тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастады

Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC» тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастады
ашық дереккөз
Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC» тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастады

Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC» тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастады, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» бүгінгі санында.

127 жылдық тарихы бар, жақсы қағазға басылып, көркем безендірілген «NATIONAL GEOGRAPHIC Қазақстан» журналының алғашқы саны осы ақпан айында оқырмандар қолына тиді. Өрнегі бөлек, өресі биік басылым екендігі бірден білініп-ақ тұр. Сыртқы мұқабасына «Тұмса табиғат. Ол бізге не үшін керек?» деген сауал тартылыпты. Журналдың ішкі мазмұны сұраққа сай екендігін аңғардық. Осы нөмірдегі «Əлемдік серуен», «Саябақтар қасиеті», «Жұқарған мұзға беталыс» сынды əлемдік табиғаттың тылсымдарына бойлаған жарияланымдармен қатар «Арал тағдыры - адам тағдыры» атты мақалада қазақ жеріндегі табиғат қасіреті сөз етіліпті. Иə, Аляскадан Австралияға дейінгі аумақта əлемнің 80-нен астам еліне таралатын журнал, енді міне, Алтай мен Атырау арасына қадам басып отыр. Орталық Азияда тұңғыш рет қазақ оқырмандарымен қауышқан баспа брендінде ең мықты ғалымдар мен журналис тер ізденісі, фотографтардың таңдай қақтырар туындылары жарияланып тұрмақ. Журналдың əлемдегі 60 миллионнан ас там оқырманына енді қазақ оқырмандары да қосылды. «NATIONAL GEOGRAPHIC» журналының бас редакторы Сюзан Гольдберг алғашқы нөмірге арнаған ақжолтай тілегінде: «Ай сайын Вашингтондағы штаб- пəтер ұжымы Қазақстандағы əріптес терімізбен бірлесіп, «NATIONAL GEOGRAPHIC Қазақ стан» журналының бетіне қызықты зерттеу мақалалар ұсынатын боламыз. Біздің мақсатымыз айқын, біз NATIONAL GEOGRAPHIC-тің əлемдегі ең танымал, əрі көптілді журнал болуын қалаймыз», деп ағынан жарылған. «Олай болса, 38-ші тіл болып осы қатарға қазақ тілінің де, сондай-ақ, бұл басылымды шығаратын елдер қатарына Қазақстанның да қосылғанын қуана сүйіншілейміз», - делінген газет мақаласында.

Ұқсас жаңалықтар