«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Білікті басшы бірлік пен тірлікті ойлайды

Білікті басшы бірлік пен тірлікті ойлайды
ашық дереккөз
Білікті басшы бірлік пен тірлікті ойлайды

Меркі ауданында 83900-ге жуық халық тұрады. Аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов – осы халықтың жанына жақын адам. Мысалы, Жамбыл ауылынан 280 орындық балабақша, екі қабаттан тұратын мектеп салуға ат салысты. Меркі ауылынан да еңселі жаңа мектеп бой көтерді. Жаңа балабақша да пайдалануға берілді. Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғындары да жаңа мектептеріне қуанып отыр. Осының бәрі аудан халқының жағдайын ойлау деп білемін. – Әшеке, біздің Меркі ауданында атқаратын шаруа көп. Мысалы, Қазақстан, Аспара ауылдарына табиғи газ тартылмаған. Меркі асыл тұқымды қой зауытында тұратын адамдарға да газ керек. Мұның бәрін іске асыру үшін көп қаражат жұмсалады. Сондықтан осы мәселені шешу үшін тиісті басшылармен сөйлесеміз, істі ұйымдастырамыз, – деген еді аудан әкімі маған. Қазір аты аталған ауылдарға табиғи газ жеткізіліп, ауыл тұрғындары қуанышқа бөленді. Мысалы, Талдыбұлақ ауылына газ құбырлары тартылды. Тұрлыбай батыр ауылында да Кеңес өкіметінің кезінен бері газ жоқ еді, қазір онда да газ жанып тұр. Осының бәрі аудан әкімінің тұрғындармен ортақ тіл табысып, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, тиімді жұмыс істей білгенінің арқасы деп ойлаймын. Аудан бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізе бастады. Ол да білікті басшының жемісті еңбегінің арқасы.

Әшен Қырғабақұлы, зейнеткер.

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар