Apple көктемде арзан iPhone 5se смартфонын шығарады
Биыл наурызда Apple компаниясы соңғы әзірлемесін таныстырады. iPhone 5s смартфонының арзан (бюджеттік) үлгісіне iPhone 5se атауы берілді. Смартфон сәуірден бастап сатылымға түседі. Жаңа гаджеттің сыртқы бейнесі iPhone 5s-ке ұқсас. Ал техникалық сипаттамасы бойынша iPhone 6-ға ұқсайды. Жаңартылған iPhone 5sе үлгісі сатып алушыларға классикалық қара, күміс, алтын, қызғылт түстес түрлерде ұсынылады. Смартфонның сыртқы келбеті iPhone 5s-тен аса айырмашылығы жоқ. Тек экраны төрт дюймды. Жаңа гаджет 8 мегапиксельді негізгі, 1,2 мегапиксельді фронтальды камерамен жарақталған.
iPhone 5se смартфонының құны әзірге айтылмады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




