Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен ҚХР-ға келіп жетті
- author «Ақ жол»
- 19 мамыр, 2014
- 345
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына, Шанхай қаласына келіп жетті. Онда Елбасының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің IV саммитіне қатысуы жоспарланған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытай еліне сапары мен Елбасының Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің IV саммитіне қатысуы көпжақты форматта стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетіп, өзара ықпалдастықты нығайту және қытай тарапынан АӨЫСШ төрағалығын қабылдауда қолдау білдіруді көздейді. Бұл Н.Назарбаевтың ҚХР «билігінің бесінші буыны» келгелі бері екінші сапары.
Қазақстан үшін сыртқы саясаттың ең басым бағыттардың бірі Қытаймен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық орнату болып табылады. Сондай-ақ, Қытай Республикасы да біздің елімізбен екіжақты тиімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отыр.
Сапар барысында халықаралық мәселелер, оның ішінде Корей түбегіндегі, Ауғанстандағы, Сирия мен Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу мәселелері талқыланатын болады. ҚХР позициясының нығаюы мен шетелдегі инвестиция деңгейінің артуына байланысты, сондай-ақ, сауда-экономикалық, ынтымақтастық мәселелерін сөз етіп, ҚР нарығында ҚХР компанияларының инвестициялық мүмкіндіктерін әртараптандыру жайын да қарастыру көзделген. Бұған дейін қос мемлекет басшылары атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың аса маңызды тұсы 2016 жылға қарай өзара тауар айналымын 40 млрд АҚШ долларына жеткізу болып табылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сапар барысында 15-ке жуық екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған, оның жалпы сомасы 8 млрд АҚШ долларын құрайтын болады.
Жалпы алғанда, ҚР Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары аймақтағы негізгі ойыншы әрі Қазақстанның ірі сауда серіктесі – Қытаймен тығыз жан-жақты қарым-қатынасты тереңдетуді, сонымен қатар, бұған дейін ҚР Президенті 2012 жылдың маусымында, 2013 жылдың сәуірінде ҚХР-ға жасаған сапарында және 2013 жылдың қыркүйегінде Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарында бекіген екі мемлекет басшыларының өзара қарым-қатынасын одан әрі нығайтуды көздеп отыр.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді