Геннадий Головкин Лос-Анджелесте баспасөз конференциясын өткізді
- author «Ақ жол»
- 17 ақпан, 2016
- 620
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекке қатысты баспасөз конференциясына қатысты, деп хабарлады sports.kz.
Еске салсақ, Головкин-Уэйд айқасы 23 сәуірде «Forum» (Калифорния штаты, АҚШ) аренасында өтеді. Бұл WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кәсіби мансабындағы 35-ші айқасы.
Баспасөз конференциясына Головкин-Уэйд андеркартында жұдырықтасқан Роман Гонсалес те қатысқаны айтылады.
Бұдан бұрын GGG промоутері Том Леффлер берген сұхбатында жанкүйерлерді қызықты айқас күтіп тұрғанын атап өтті. Бір кеш аясында көрермендер қатарынан Головкин мен Гонсалестің жекпе-жегін тамашалайды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




