Футболшы ойын кезінде қызыл қағаз көрсеткен төрешіні атып өлтірді
- author «Ақ жол»
- 17 ақпан, 2016
- 589
Аргентинаның Кордова қаласында өңірлік Лиганың клубтарының арасындағы футбол матчы қайғылы оқиғамен аяқталды. Аты-жөні аталмаған 25 жастағы футболшы ойын кезінде қызыл қағаз көрсеткен бас арбитрды тапаншамен атып өлтірген. Бұл туралы Daily Mail газеті жазады.
Зардап шеккен 48 жастағы төреші Сезар Флорестің басына, кеудесіне және мойнына оқ тиген. Ер адам алған жарақатынан қаза тапты. Футболшы алаңнан қуылғаннан кейін қарсыластар командасының ойыншысы Вальтер Саратені жаралаған. Спортшы ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта қылмыскер қашып жүр. Оны полиция іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, Оңтүстік Америкада футбол кезінде осындай жағдайлар жиі болады екен. Ең ірі үлкен дау 1994 жылы болған еді. Сол кезде колумбиялық қорғаушы Андрес Эскобар өлтірілген болатын. Ашуға булыққан жанкүйер оны АҚШ-қа қарсы ойында өз қақпасына гол соғып алғаннан кейін атып тастаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




