Қазақстанда әскери қызметшілер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды
- author «Ақ жол»
- 16 ақпан, 2016
- 725
Қазақстанда әскери қызметшілер міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 1998 жылғы 1 қаңтардан бері Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери еңбек өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілеріне бюджеттік қаражат есебінен ақшалай ұсталымның 20 пайызы көлемінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу тәртібі енгізілген болатын. Қазақстанның зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, әскери қызметшілер енді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылды. "Осы түзетулер арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, сонымен қатар, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы атақ пен сыныптық шендерді тағуға, нысанды киім киюге құқықтарынан айырылған тұлғаларға қатысты", - деп хабарлады министрліктің өкілдері.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса отырып, ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруды жалғастыра береді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




