ҚР Үкіметі демалысты 2016 жылдың 5 наурызынан 7 наурызға ауыстыру туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
2016 жылдың наурызында еңбек етіп жатқандардың демалысына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметі демалыс күнін 2016 жылдың сенбісі 5 наурызынан 2016 жылдың 7 наурызына, дүйсенбі күніне ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Сонымен қатар, қазақстандықтар 8 наурызда - Әйелдердің халықаралық күнінде демалады.
"Еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға қажетті өнімді шығаруға, қызметті ұсынуға, қаржы қызметтерін ұсынуға, сонымне қатар құрылыс нысандарын іске келтіруге 2016 жылдың 7 наурызында жұмысты ұйымдастыруға кәсіподақ ұйымдарымен келісу бойынша құқық беріледі. Бұл күнгі жұмыстың өтемі Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес жасалады", - делінген хабарламада. Мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар 2016 жылы 121 күн демалады.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




