17 жасар қазақстандық композитор Германияда жеке концертін берді
- author «Ақ жол»
- 16 ақпан, 2016
- 656
Дүйсенбі күні немістің Мюнстер қаласында өтіп жатқан «Klang Zeit Münster» халықаралық замаауи классикалық музыка фестивалі ауқымында 17 жасар қазақстандық композитор және пианист Рахат-би Әбдісағиннің жеке концерті болды.
Әлемге танымал фестиваль тарихында тұңғыш рет Қазақстан өкілі өнер көрсетіп, «Painting in sounds» («Дыбыстардағы сурет») атты өз шығармасын орындады.
Фестиваль аясында қазақстандық жас таланттың композициясы осы заманғы Мияко Кубо, Джеффри Чинг, Гюнтер Бекер сияқты танымал композиторлардың шығармаларымен қатар шырқалды.
Классикалық музыканың халықаралық сыншылары және неміс көрермендері Р,Әбдісағиннің шығармасына және музыкалық композицияның орындалуына жоғары баға беріп, қазақстандық классикалық музыка мектебінің өкілдерінің шеберлігін атап өтті.
Еске сала кетейік, Мюнстерде Германияның федералдық және жергілікті өкіметтерінің қолдауымен «Klang Zeit Münster» тоғызыншы классикалық музыка фестивалі өтуде. Шараның басты мақсаты классикалық музыканың осы заманғы композиторларының шығармаларын әлем жұртшылығына кеңінен тарату болды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




