Қазақстанда шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты - ҚР ҰБ
- author «Ақ жол»
- 15 ақпан, 2016
- 708
Қазақстанда шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді.
«Қазіргі уақытта қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты. Көп жағдайда бұл қабылданған шаралардың арқасында орын алуда», - деген ол валюта нарығындағы сұраныс мен ұсыныстың теңгерімді болуы маңызды мәселе екенд3гін атап өтті.
Оның атап өтуінше, төлем баланстарына жүргізілген бағалау валюта операцияларының есепке толық алынбауы салдарынан жіберілген қателіктерді көрсетіп берген.
«Сондықтан да біздерде экспорттан валюталық түсімнің қандай көлемі Қазақстанға қайтарылып, қандай көлемі шетелдік банктерді4 есепшоттарында қалып қоятындығы жайында айқындық болуы керек. Ол үшін сыртқы экономикалық операцияларға және кәсіпорындардың қызметі талап етпеген жағдайда сатып алатын валютасына тыңғылықты мониторинг жүргізу қажет. Ұлттық банк тиісті шаралар қабылдауға дайын»,- деді Д.Ақышев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




