«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – уақыт талабы

Кәсіби  мемлекеттік  аппарат  құру – уақыт  талабы
ашық дереккөз
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру – уақыт талабы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мүмкіндігін арттыра түсу қажеттігін ылғи да назардан тыс қалдырған емес. Мемлекеттік қызметші халыққа қызмет ететін болғандықтан нағыз білімді, іскер азамат болғаны ләзім деп ойлаймын. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары атты бағдары мол бағдарламада да кәсіби мемлекеттік аппаратты құру арқылы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекет қалыптастыру салалары бес негізгі реформадан бастау алды. Мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға 15 нақты қадам арнаған Елбасы осылайша мемлекеттік қызметшілердің құқығын бағалап, ел алдында жүрген азаматтардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей тиімді модельді қалыптастыруға барлық мүмкіндікті жасап берді. Аталмыш бағдарламада барлық азаматтарға өз қарым-қабілеттерін молынан жүзеге асыру үшін тең дәрежедегі мүмкіндіктер берілетін әділ қазақстандық қоғам құру мәселесі де қамтылды. Әділетті қазақстандық қоғам құруда мемлекеттік қызметті жаңғырту, мансаптық өсудің ашықтығы, орталықтандырылған іріктеу жүйесі және міндетті сынақ мерзімі сияқты көрсеткіштер тетіктерін жедел түрде іске қосу маңызды. Мұндай қадам мемлекеттік қызметке іскер және құлшынысы зор азаматтарды сұрыптауға алғы шарт бола алады. Әсіресе, аумақтық деңгейде мемлекеттік қызметке өз ісін білетін кәсіби мемлекеттік қызметшілер керектігі белгілі. Жалпы алғанда, кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған басымдықтар жұрттың көңілінен шығып отыр. Бұл бағыттар лайықты деңгейде жүзеге асып, оң нәтиже беретіні хақ.

Бақыт Тоқсанбаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар