Мыңбаев, облыс бойынша қазынашылық департаментінің басшысы.
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» – әлемге үлгі болатындай стратегия. Қазақстан Көшбасшысының әрқашан саясатта өз рецепті, өзінің батыл стратегиялық шешімдері бар екендігін бәріміз білеміз. Қабылданған қадамдарға сай жаңа заңдар қабылдау, қолданыстағы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар мен Еңбек кодексіне тағы да басқа біраз заңдарға өзгеріс енгізу, оны тиянақтап, Президент қойып отырған талаптарға сай ету – өте ауқымды іс.
Мемлекетіміздегі реформалардың іске асуы, басқару жүйесінің тұтастығы, кәсіпкерліктің дамуы, ел әлеуетінің артуы да мемлекеттік аппараттың, ондағы қызметкер-лердің жұмысына, кәсіби шеберлігіне, ұлтжандылығына тікелей байланысты. Жоспардың негізгі мақсаты жемқорлық секілді қоғам дертінің сыртқы белгілерін сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. Барлық мемлекеттік қызметкер Елбасы идеясын жүзеге асырушылардың сапынан болуы керек. Аталған іс-шараның мақсаты – Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру үшін институционалдық реформаны түсіндіру. Республикамызда бюджетті қазынашылық атқаруды енгізгенше мемлекеттік бюджеттің атқаруын Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк іске асыратын. Ұлттық банктің есеп айыру кассалық орталықтары бюджет құралдары арқылы қаржыландырылатын ұйымдарға қызмет көрсететін, ал Қаржы министрлігі Ұлттық банк ұсынатын ақпараттар негізінде есептілікті қалыптастыратын. Нарықтық экономикаға өту барысында мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару қажеттілігі бюджетті атқару жөнінде бірыңғай орган құруды талап етті. Сондықтан, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру кассалық қызмет көрсету мақсаттарымен қазынашылық жүйе құрылды. 1995 жылы облыстар мен аудандарда оның аумақтық органдары ұйымдастырылды. Сол жылдың соңында Қаржы министрлігінің құрамында Қазынашылық комитеті ашылды. 1996 жылы Ұлттық банктің есеп айыру кассалық орталықтарының базасында Республикалық бюджеттік банк құрылымын, сол арқылы республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру-кассалық қызмет көрсету толығымен Қазынашылыққа ауысты. Сол жылы Ұлттық банкте республикалық бюджет үшін Бірыңғай қазыналық шот пен екінші деңгейдегі банктерде қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспонденттік шоттары ашылды. Осы шоттар арқылы қазынашылық органдар бюджетті атқару жөніндегі банктік операциялар мен қолма-қол ақша төлеумен байланысты операцияларды жүргізу бойынша өз өкілдіктерін іске асырады. Қазынашылық іс-әрекеттің негізгі мазмұны қаржы жыл бойы бекітілген кірістер алу мен қарастырылған шығыстарды іске асыру процестері түзілетін бюджетті атқару барысында көрінеді. Осы іс-әрекеттің маңызды құрылымдық элементі, негізінде кассаның бірлестік принципі, яғни бюджетті кассалық атқару болып табылады. Бұл принциптің мағынасы барлық бюджеттік құралдар Ұлттық банктегі бірыңғай қазынашылық шотқа түсіп, сол шоттан барлық шығыстардың орындалуын тұжырымдайды. Демек, бюджетті қазынашылық атқару жүйесі сол атқару үрдісінде пайда болатын ақша құралдарының кірістік және шығыстық ағымдарын бір шотта шоғырландыруға мүмкіншілік жасайды. Қазынашылықтың негізгі құқықтары, қызметтері, мақсаттары, оның құрылымы және аумақтық органдары Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті сол министрліктің құрылымы мен құзыреті шегіндегі мекеме болады және ол арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларды іске асыруды талап етеді. Бұл орган республикалық бюджетті атқаруын күту, мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік мекемелерді есеп айыру-кассалық күту және мемлекеттік бюджет құралдарын мақсатты пайдалануын алдын ала және ағымдағы бақылау бойынша салалараралық үйлестіруді атқарады. Өз іс-әрекетінде қазынашылық Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарына, Үкіметтің өкімдеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді. Қазынашылық мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлға және оның іс-әрекетін қаржыландыру тек қана республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді