«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жолдау жігерлендіреді

Жолдау   жігерлендіреді
ашық дереккөз
Жолдау жігерлендіреді

Еліміз Тәуелсіздік жылдарында түрлі қиындықтармен бетпе-бет келді. Бірақ, Елбасымыздың салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында еліміз тығырықтан жол тауып, еңсесін тіктеді. Қазіргі дағдарысты да еңсеруге еліміздің әлеуеті жетеді. Өйткені, Қазақстан халқының мақсаты айқын. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа арналған Жолдауында айқындап берді. «Қазіргі әлемді жайлаған дағдарыс заманында не істеуіміз керек?», «Қандай міндеттерді жүзеге асыру керек?» деген сұрақтарға тұшымды жауапты осы құжаттан табуға болады. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы, индустрияландыру картасы және «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары елімізді қаржылық, экономикалық дағдарыстан алып шығуға бағытталғанын айта кеткен жөн. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәжіліс залында облыстық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстелде» Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Жиынға Тараз қалалық «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының» мүшелері, қалалық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен қатар, оқу ордасының студенттері және ұстаздары қатысып пікір алмасты. «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүкенбай Ермеков әлемде қалыптасқан экономикалық жағдайдың елімізге тигізіп отырған салдарын қозғап, Мемлекет басшысының осы сын -қатерлерден шығу жолдарын Жолдауда көрсеткенін әңгімеледі. – Өздеріңізге белгілі, бүгінде жаһандық экономикалық жағдай өте күрделі. Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 83-қадамында еңбек қатынастарын ырықтандыру керектігін атап көрсетті. Қазіргідей дағдарыс жағдайында бұл – аса қажетті қадамдардың бірі, – деді Д.Ермеков. «Дөңгелек үстелде» «Тараз-Достары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламбек Дастан Елбасының Жолдауы жастарға жігер беретінін айтса, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек студенттерге Жолдаудың мән-маңызын түсіндірді.

Айша Беркінқызы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар