Hilton Garden Inn қонақ үйлер желісі өзінің Қазақстанда тұңғыш қонақ үйінің ашылғанын жариялады.
Астана қаласының халықаралық әуежайынан 15 шақырым жерде, бас қаламыздың қақ ортасында орналасқан Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінің меймандары одан «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығына, үкіметтік және мемлекеттік мекемелерге, іскерлік бизнес орталықтарына оңай әрі жылдам жете алады. Бес әмбебап конференц-зал мен тәулік бойы жұмыс істейтін бизнес-орталығын, барлық аумағында тегін Wi-Fi қамтыған бұл салтанатты қонақ үй өзінің заманауи футуристикалық сәулетімен жақсы танымал болған Астанаға келушілер үшін мінсіз қызмет көрсететін жайлы тұрақтау орны болмақ. Hilton Garden Inn қонақ үйінің басшысы Адриан Куррдың айтуынша, қонақ үйде жайлы және қолайлы түрде тұрудың дүниежүзіне танымал стандарты ұсынылатын болады, меймандарға тегін қызмет көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін фитнес-орталығы қонақ үйде тұру кезде сергек спорттық күйде жүруге жағдай тудырады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




