Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм қаупі біздің елді ғана емес, әлемді алаңдатқан өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, мұндай жат жолда жүргендермен күрес жүргізу маңызды. Мемлекет діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жасады. Аталған бағдарламада профилактикалық жұмыс пен нысаналы топтар құрылып, ақпараттық насихат жұмысын жаңғыртуға жұмыла жұмыс істеу тиістігі көрсетілген. Бағдарлама қабылданғалы бері ауданда жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін аудандық мешіт өкілдерімен бірлесе отырып, бірқатар шаралар жүзеге асты. Атап айтсақ, «Діни экстремизм және жастар», «Мойынқұм жастары экстремизм және терроризмге қарсы», «Жастар санасын улаған экстремизм», «Дін және жастар» бағытында Мойынқұм колледжі студенттерімен және аудан мектептерінің оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып, оларды отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсаты көзделді. Жастар арасында экстремизм мен терроризм деген атауды естіп білгенімен, оның қауіпті қақпан екенінен хабары жоқтар да бар екен. Бұл бағыттағы тәрбиелік мәні бар жұмыстарымызды жалғастыра берсек, жастардың көзін ашатынымыз анық. Өйткені, діни сауатсыздық бізді экстремизмге жетелейді. Бұл тақырыпқа терең бойлағанда тәрбие тал бесіктен екенін де естен шығармағанымыз абзал. Әр баланы отансүйгіштік, имандылық, ұлтжандылық, мәдениет секілді ізгі қасиеттерге баулуда ата-ананың рөлі жоғары екені анық. Отбасынан үлкен ұлағат, өнеге алып өскен бала – еліміздің байлығы. Сондықтан, еліміз көрікті болсын десек, өскелең ұрпақтың санасына ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы ұстанып келген жолы – Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы. Осы бағытта жүру қажеттігін ұғынған жастар экстремизм мен терроризмнің шырмауына түсуден алшақ болатыны анық.
Еркебұлан Абасов, аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді