Қазақстандық суретші Айдос Есмағамбетов АҚШ президенті Барак Обаманың мүсінін жасады, - деп хабарлайды Tengrinews TV.
Мүсінді жасауға Айдос бір жыл уақыт жұмсапты. Ол бұл іспен қолы бос кезде ғана айналысқан. Мүсіншінің айтуынша, "Обама" толықтай пластиктен жасалды, бірақ қолдары мен басына силикон пайдаланылды. Есмағамбетов шығармашылық жұмысын видеоға түсіріп, Интернетке жариялайды. АҚШ президентінің мүсінін жасау идеясын оған танысы айтқан екен. Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Президенті мен Абылай ханның мүсіндерін жасаған еді. Еске салайық, Есмағамбетов бұған дейін масалар туралы "Өлгендермен селфи" атты қорқынышты фильмімен танылды. Үрейлі оқиға Астанада болады, басты рольдегі адам масаларды өлтіру туралы ғылыми жұмыспен айналысады, дегенмен ол нәтиже бермейді. Оның орнына адамдарды зомбиға айналдыратын вирус таралып кетеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




