«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Валентин күні» керек пе?

«Валентин күні» керек пе?
ашық дереккөз
«Валентин күні» керек пе?
ойлан, жастар! кейбір шетелдерде 14 ақпан – «әулие Валентин күні» ретінде аталып өтіледі. осыған орай жастар арасында сауалнама жүргізген едік. Сауал: «Сіз үшін «Валентин күнінің» маңызы бар ма?», «Сіз ғашықтар күнін мерекелейсіз бе?». Әсем Первомаева, ТарМПИ-дің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу факультетінің  4-курс студенті: – 14 ақпан – Валентиннің қайтыс болған күні дейді. Қазақ баласы қашан адамның өлген күнін жар салып, тойлап еді. Сол себепті, бұл күнді ұната бермеймін. Өз басым тойламаймын да. Қайдағы бір Валентиннің маған не қатысы бар, оны «әулие» қылып, ғашықтар күнін тойлау – қателік. Ақарыс Жақсынбетов, Тараз қаласының қонағы: – Жұртқа жақсылық жасасаң да, жамандықтан сақтандырсаң да жақпайсың, негізі. Бірақ, ескерту – парыз. Жастарымыз өз дәстүр-салтына жат мейрамды не деп тойлайды?! Аллаға шүкір, басқа да мерекелер көп. Сондықтан да, мен бұл күнді мейрам деп тойлауға қарсымын. Камила Құлқараева, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың 3-курс студенті: – Бұл күн – жастар арасында көп тойланатын мерекелердің бірі. Мектеп кезінде құрбы-құрдас­тарымызды ашық хаттар алып, біз де құт­тық­тадық. Ол кезде Валентиннің кім екендігіне көңіл аудармаппыз. Валентиннің кім екенін білген соң қойдық. Негізі қыз баласы жігітінің өзіне көңіл бөлгенін қалап тұрады ғой, жігітіміз сыйлығын беріп, құттықтап жатса, қарсылығымыз жоқ. Бағлан Тойжігіт, ТарМПИ-дің тарих мамандығының 4-курс студенті: – Бұл күнді қос ғашықтың мерекесі ретінде тойлау біздің таным-түсінігімізге жат. Еліміздің жастары өте еліктегіш, қатарынан қалғысы келмейді. Бірақ, жақсы мен жаманды айыра алмай қалатын жағдайлар көп кездеседі. «Әулие Валентин» мерекесін махаббат сезімінің символы деп қарастыру – қателік. Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнін атап өтсе де жеткілікті. Сәл шыдаса, 15 сәуір келіп те қалды емес пе?!

Сауалнаманы жүргізген Фариза АЙТБЕК, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар