«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үлкен қоғамдастыққа кішкентай қадамдармен

Үлкен қоғамдастыққа кішкентай қадамдармен
ашық дереккөз
Үлкен қоғамдастыққа кішкентай қадамдармен

Еуразиялық экономикалық одақ идеясы жүзеге асқанға дейін 20 жыл өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың алдағы 15-20 жылдағы басымдықтарын айрықша атап көрсетті.

Олардың арасындағы басымдықтардың бірі – ұлттық экономиканы жеделдетіп дамытудағы инновациялық технология үшін базалық жағдай жасақтау және 2025 жылға дейін Еуразиялық-инновациялық технологиялық өзара іс-қимыл әрекетінің бағдарламасын қабылдап, талдап Еуразиялық интеграция кеңістігіне тарату болып табылады. Бұған қоса, Назарбаевтың ойынша, Еуразиялық экономикалық одақ аумағы Еуразия көлеміндегі жалпы континенталдық инфрақұрылымның алдыңғы буыны болуы тиіс. Бұл үшін бірқатар жобаларды: бірыңғай Еуразиялық телекоммуникация жүйесін құру, «Минск-Мәскеу-Астана-Алматы» бағыты бойынша жылдамдықты теміржол магистралін салу, теміржол және автомобиль жолдарын жаңғырту, әсіресе, батыс пен Еуропаға, шығыс-қытай көлік жүйесіне енетін, сондай-ақ, «Еуразия»: «Каспий-Қара теңіз» каналы жобасын жүзеге асыру керек. Үстіміздегі жылдың 29 мамырында Ресей, Қазақстан және Белоруссия Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қояды. Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде: «Еуразиялық одақ идеясынан – Еуразиялық интеграцияның кемелденген көкжиегіне» деген лекциясында жаңа одақтың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік университетінде осыдан 20 жыл бұрын Еуразиялық одақ құру идеясы туралы тұңғыш рет мәлімдеді. Уақыт осындай одақ құру қажеттігін алға тартты. Бірқатар саясаткерлер 1994 жылдың көктемінде ТМД-ның өмір сүруге қабілетсіз екенін көрсетті. Назарбаевтың айтуына қарағанда Еуразиялық экономикалық одақ бұрынғы Кеңес Одағының бағытын қайталамайды. Жаңа құрылымды Еуропалық одақпен салыстыруға болады. «Еуропаға Кедендік одақты құруға – он бір жыл, жалпы нарықты қалыптастыруға – 34, экономикалық және валюталық одақты құру үшін 40 жыл қажет болды», – деп атап көрсетті Қазақстан Президенті. Назарбаевтың айтуына қарағанда ХХІ ғасырда адамзат алдынан жаһандану мәселесі шықты. Еуразиялық интеграцияның көптеген мәселелерін барынша шектелген мерзімде шешуге тура келеді. Бұл бағытта жаһандық экономикалық жағдайға қарай әрекет етуге тура келеді. Мұның өзі жеке-дара қиындық емес, «Біздің идеямызды қостамайтындар да бар, сондықтан да Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қойған кезде осы мәселені барынша ескеру керек», – деді Назарбаев. Қазақстан басшысы ТМД-ның бірқатар интеграциялық бірлесуінде «шұғыл шешімдер» қабылданғанын да жоққа шығармайды. «Келісімшарттарда жалпы валюталық, кедендік және экономикалық кеңістік құру туралы келісімшарттарға қол қойылғанын да еске алады. Қазір олар қайда, олар кімнің есінде?» Енді қол қойылатын өмірлік маңызы бар құжатта ұсақ-түйек қателіктерге жол беруге болмайды. Мұның өзі интеграциялық үдеріске кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл бағытта Қазақстанның ұстанымы айқын. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың басты міндеті екі мәселеге тірелетінін ерекше атап өтті: ол – географиялық және биосаяси жағдайды пайдаланып, әлемнің басты экономикалық макроаймақтарына айналу және дүниежүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуді қамтамасыз ету. Еуразиялық экономикалық одақ халық және барлық ұлттық экономиканың игілігіне қызмет етуі тиіс. Ал, жалпы Еуразиялық экономиканың негізін шағын және орта бизнес құрауы керектігін Қазақстан басшысы айрықша қадап айтты.

Дмитрий Журавлев, Аймақтық проблемалар институтының директоры.

Астана.

The conservation response https://college-homework-help.org/ george wallace established himself in 1963 as one of the nation's leading spokesmen for the defense of segregation

Ұқсас жаңалықтар