Өскемен қаласының тұрғыны жылжымалы монша жасап шықты. Кәдімгі дөңгелекті тіркемеге салынған бөшке тәрізді монша қаланы аралап жүр, деп жазады «Дидар»газеті.
«Вадим Ушаков алғашында моншаларды бөренеден қиып сатып, пайда тауып жүрген екен. Кейіннен тұтынушылардың өздері жалдамалы моншаға сұраныс білдірген. Сонда Вадимнің ойына бірден келгені дөңгелекті монша салу еді. Ол үшін ол қағазға алдын ала сызбасын жасап, қажетті материалдардың мөлшерін есептейді. Кейін, ағаш материалдарын дайындап, үш айдың ішінде жасап шығарды», деп жазады облыстық басылым.
Моншаның сырты шағындау болып көрінгенімен, іші кең. Бір кіргенде төрт адам оп-оңай орнығып отыра алады. Кіреберісінде киініп-шешінетін кішігірім бөлмесі бар. Ал ішін фин пеші арқылы қыздырады. От жаққаннан кейін, моншаның температурасы лезде 70-80 градусқа дейін жетеді. Вадимнің айтуынша, бұл моншаны көбінесе қала сыртына демалысқа шығушылар жалдайды. Керек десеңіз, кәуәп пісіретін мангалы, орындықтары, үстелі де бар. Вадим тұтынушының сұранысына қарай моншаны керек жеріне апарып береді.
«Оқушы кезімде математика, геометрия, сызу пәндерін жақсы көрдім. Өзім ойдан осындай дүниелерді жасауға құмар болдым. Бірақ біреудің идеясын көшіру ұнамайды. Әр детальді ойдан жасағанды қалаймын», - дейді Вадим Ушаков.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




