«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қызылордада 11 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш сәбиді алып шықты

Қызылордада 11 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш сәбиді алып шықты
ашық дереккөз
Қызылордада 11 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш сәбиді алып шықты

Қызылордада 11 жастағы қыз өртеніп жатқан үйден үш сәбиді алып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға 11 ақпанда болған. 12.05-те "101" пультіне жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы қызметтер оқиға орнына келгенде үйдің терезесінен түтін будақтап жатқан, ал үй сыртында төрт бала тұрған.

"Сөйтсе, үйде өрт шыққан кезде бөлмелердің бірінде төрт бала болған, олардың үлкені 2004 жылғы Аружан Бисенбаева. Аружан есікті ашып, түтінді көрген. Өртеніп жатқан үйден шығу жолдары жабық болған. №10 мектептің алтыншы сынып оқушысы терезеден секіріп кетпекші болады. Аружан өзінің жас екеніне қарамастан, бауырларына терезеден шығуға көмектесіп, ересектерді көмекке шақырған. Осылайша ол сіңлісі Айша Бисенбаеваны және 2013 жылғы інісі Нұрсұлтан мен 2011 жылғы Нұрисламды құтқарып қалған. Аружан қорқып қалмай, дер кезінде әрекет етуінің арқасында балаларды аман алып қалды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова.

Өрт 13.25-те сөндірілді. Оқиға орнына жеке құрамның 13 адамы жөнелтілді, бес дана өрт сөндіру техникасы тартылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. Баспасөз хатшысының айтуынша, Аружан Бисенбаева бауырларымен бірге балалар ауруханасында жатыр. Балалар иіс газына түрлі деңгейде уланған. Денсаулығы қалпына келгеннен кейін оны көрсеткен ерлігі үшін марапаттау мәселесі шешіліп жатыр екен.

Ұқсас жаңалықтар