Ағылшын компаниясы Қазақстанда Шыңғыс хан туралы кино түсіреді
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2016
- 664
Ұлыбритания кинематографшылары Қазақстан аумағында Шыңғыс хан туралы және Иса пайғамбар туралы фильмдер түсірмекші, - деп хабарлайды Kinostan.kz басылымы. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі) кинокомпаниясының басшысы Кент Уолвин арасында өткен кездесуде белгілі болды.
Қазақстан аумағында бірқатар мюзиклдер, көркем және деректі фильмдер түсіру жоспарланған. Соның ішінде, жобалық атауы "Шыңғысхан және Иерусалим серілері" көркем кинофильмін, Иса Пайғамбардың "белгісіз жылдары" туралы көркем және деректі фильмдер түсіру негізгі мақсаттардың бірі.
"Түсіруге ниет білдіріп жатқан фильмдердің бірі - жас Шыңғыс хан туралы тарихи сипаттағы көркем фильм. Фильмде жас Шыңғыс хан - Темучин Батыс Еуропаның крест жорығына қатысушы серілерімен кездеседі және бұл кездесу болжам бойынша қазіргі Қазақстан аумағында орын алған болатын", - дейді Кент Уолвин.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




