Қытайдағы қазақ қызы үздік полиция қызметкері атанды

Қытайдағы қазақ қызы үздік полиция қызметкері атанды
ашық дереккөз
Қытайдағы қазақ қызы үздік полиция қызметкері атанды

Қытай секілді жан саны көп елде қоғам тыныштығын сақтап, сақшы (полиция) болып қызмет ету үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Осындай талабы жоғары, қауіп-қатері мол қызметті арқалап жүргендердің қатарында қара көз қазақ қызы Таслима да бар деп хабарлайды baq.kz.  

Таслима Дәулетқызы 2010 жылы арнайы емтиханнан өтіп, Шыңжаң қоғам қауіпсіздік мекемесі ерекше сақшы бас бөлімшесіне қабылданады.

Онда жапа-машақатқа толы 3 жылдық жұмысты сәтімен аяқтап, 2013 жылы Үрімжі қалалық қоғам қауіпсіздік департаменті Сайбақ районына қарасты Хотан көшесінде әлеуметтік халық сақшысы қызметіне ауысады. Қазіргі күні сонда еңбек етіп жүр.Жақында «Жұңго қазақ радио торабы» Таслимамен арнайы сұхбат жасады. Өйткені, полиция қыздың қуанышты жаңалығы бар. Биылғы жыл бастала сала, Қытай елі 13 қысқы спорт жарысын өткізгені белгілі. 4 жылда бір болатын осы ауқымды спорт додасы тұңғыш рет Шыңжаңда, оның ішінде Үрімжі қаласында болды.Міне, 15 күнге созылған мемлекеттік деңгейдегі үлкен ауқымды шарада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, тікесінен тік тұрып қызмет еткен полиция өкілдерінің еңбегі орасан. Ал олардың қатарынан оза шығып, атқарған қызметімен көзге түсу одан да абыройлы.

Сол абыройлы міндетті ойдағыдай орындап, шынайы, адал еңбегі басшылық тарапынан жоғары бағаланған үздік полиция – Таслима Дәулетқызы. Үрімжі қалалық қоғам қауіпсіздік департаменті оны «қоғам амандығын қорғаудағы үздік полиция қызметкері» атағымен марапаттады.

Бұл Таслиманың алғашқы табысы емес. Құқық қорғау мекемесінде жұмыс атқарып келе жатқан алты жылдан бері қарапайым халықтың алқауына бөленіп, ұжымның мақтанышы, өз ісінің кәсіби маманы болған қандасымыз талай рет сыйланып, қатты еңбегінің тәтті жемісін татып келе жатыр.

Ұқсас жаңалықтар