Қазақстанда спорттағы допингпен күрес бойынша тәуелсіз Комиссия құрылды
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2016
- 707
Астанада Ұлттық Олимпиада Комитетінің бастамасымен допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрылды. Тәуелсіз комиссияның жұмысы Қазақстандағы допингке қарсы жүйенің жетілуіне ықпалдасады, деп хабарлады ҚР ҰОК баспасөз қызметінен.
Қазір Комиссия өз жұмысын Алматыда орналасқан Ұлттық допингке қарсы орталық пен допингке қарсы зертхананың жұмысын бақылауға бағыттайды. Олардың допингке қарсы халықаралық қозғалыстармен өзара әрекеттестігінің механизмдерін қарастырады.
«Допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы допингке қарсы бақылау жүйесін жетілдіру мен «таза спортшыларды» қорғауды күшейту болмақ. Комиссия мүшелерінің қатарында спорт қоғамдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, медицина қызметкерлері, заңгерлер бар. Кейін оның құрамына халықаралық деңгейдегі допингке қарсы қозғалыс сарапшыларын енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазақстандық тәуелсіз Комиссия дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) ықпалдасып жұмыс істейді», - деп атап өтті Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




