«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жастар этномәдени құндылықтарды зерттейді

Жастар этномәдени құндылықтарды зерттейді
ашық дереккөз
Жастар этномәдени құндылықтарды зерттейді

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай этносаралық толеранттықтың қазақстандық үлгісін насихаттау, облыс жастары арасында татулық пен ұлтаралық келісім мәдениетін тәрбиелеу, білім ордасындағы ұлт өкілдерін бірлікке, ынтымақтастыққа шақыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының ғылыми-шығармашылық орталығы құрылды. Ғылымға ден қойған, шығармашылықпен айналысатын жамбылдық жастарды бірлік пен бейбітшіліктің мәнін түсінуге үндейтін орталықта алдағы уақытта түрлі ұлыстардың ұлттық құндылықтары зерттеп-зерделенетін болады. Бұл орталық М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының жанынан ашылып отыр. Орталықтың ашылу салтанатында ТарМУ жастары Жамбыл өңірін мекендеген ұлттардың қазіргі заман флеш-моб биін биледі. Салтанатты шараға облыс әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының өкілдері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, өңірдегі этномәдени бірлестігінің басшылары қатысты. Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының төрағасы Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, қолға алған шараның маңыздылығына тоқталды. – 2016 жыл біз үшін елеулі болмақ. Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өтеміз. 20 наурызда Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлауға барлық ұлт өкілдері қатысатынына сенім мол, жастардың белсенділігін арттыру үшін біз жұмыс жасауға тиіспіз. Сол үшін 23 мәдени орталық өкілдері белсенді түрде жұмыс атқаруы керек. Ең негізгісі елдің болашағы бірлік пен ынтымақта екенін ұмытпайық, – деді Махметғали Нұрғалиұлы. Басқосуда Р.Баярисов, Г.Гизатулина, А.Маратқызы баяндама жасап, ұлт бірлігінің елдің дамуы жолында алар орнын қозғады.

Фариза АЙТБЕК, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Ұқсас жаңалықтар