Павлодарлық қыз Флорида штатында ағылшын тілін меңгеріп келіп өз бизнесін ашты
- author «Ақ жол»
- 11 ақпан, 2016
- 515
Павлодар қаласында «Жас ұрпақ» жастар үйінің 25 жастағы түлегі Анастасия Зеленова «Work and Travel» бағдарламасы аясында АҚШ-тың Флорида штатында төрт ай тағылымдамадан өтіп елген соң өз бизнесін ашқан, деп хабалайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы мекеменің директоры Айжан Қойсоймасова мәлім етті.
- Анастасия жастар үйіне 18 жасында Розовка балалар үйінен сіңлісі Иринамен бірге келген. Ол азық-түлік өнімдері технологі мамандығы бойынша Еуразиялық инновациялық университетінде білім алып, қосымша жұмыс істеді. Сондай-ақ шетелде дәмханаларда еңбек етіп, бар табысын жинаған. Осылайша, былтырғы жылы өз қаржысына бір бөлмелі пәтер мен көлік сатып алды, - дейді А. Қойсоймасова. Жастар үйі директорының айтуынша, бүгінгі таңда 97 тәрбиеленуші «Жас ұрпақ» мекемесінде тұрады. Олардың 47-сі қыздар болса, 50-і - ер балалар. Алдына үлкен міндет қойған қыз студент кезінен Розовка ауылындағы ұстазы Инна Андрияноваға барып, ағылшын тілін үйренген. - Әзірге кондитерлік өнімдерге сұраныс та жоғары. Қосымша MAMADANCE би мектебінде әкімші болып жұмыс істеймін. Менің бар мақсатым - үздік кондитер қырынан танылып, кейін шебер технолог маман атану және өз бизнесімді әрі қарай дамыту. Ең бастысы, арманға қол жеткізу үшін тыңбай еңбек ету керек, - дейді Анастасия Зеленова.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




