Еуропалық ғарыш агенттігі спутниктік суреттерден алынған талдау қорытындылары бойынша, Боливиядағы көлемі жағынан екінші көл - Поопоның толық тартылып, жер бетінен жоғалғанын хабарлады.
Поопо көлінің біртіндеп жоғалуын 2014 жылдың сәуірі, 2015 жылдың шілдесі және 2016 жылдың қаңтарында жасалған спутниктік суреттер топтамасы растап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұрын ол 3 мың шаршы шақырым аумаққа таралған еді. Шамамен тереңдігі 3 метрдей және климаттың құбылмалы жағдайында бұл Поопо көлінің жоғалып отырғаны бірінші рет емес: бұған дейін оның толық тартылу оқиғасы 1994 жылы тіркелген. Кейіннен көлге су қайта толды. Бұл жолы сарапшылар қалпына келу үдерісі ұзақ жылдарға созылып, тіпті мүлдем жойылып кету қаупі туындағандығына алаңдап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




