Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
"Бағамды реттеу арқылы үнемдеу мүмкіндігін бағалай отырып, біз дағдарысқа қарсы қосымша шараларға қаражат бөле аламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның сөзі Ақорданың Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында 360 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Ол 53 миллиард теңгені жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлу керек екенін айтты.
"Жекеменшік құрылыс салушыларды қолдау мақсатында қайтарымды негізде 97 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Жалға берілетін баспаналарды салуға 149 миллиард теңге, оның ішінде салымшыларды несиелеуге 22 миллиард теңге бөлінсін", - деді Президент.
Назарбаев баспана бағасы әлеуметтік негізде болуы керек екенін алға тартты.
"Бұл 2016 жылы қосымша 1,5 миллион шаршы метр баспананы қолданысқа беруге септігін тигізеді", - деді Назарбаев.
"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мақсатында 2016 жылы 76 миллиард теңге бөлу де тапсырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 28 миллиард теңгені 42 жаңа мектеп пен апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіруге жұмсауды тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




