Сутегі батареясы - смартфон қуаты бір аптаға жетеді
Британдық Intelligent Energy компаниясы екі жыл ішінде смартфондарға бір аптаға жуық қуат беретін сутегі аккумуляторын шығаруды жоспарлап отыр. Осындай батарея көлемі қазіргі қолданыстағы литий-иондық модельдермен бірдей сондықтан оны телефондарға орнатуға болады.
Bloomberg мәліметтеріне қарасақ, британдық өнертапқыштар атауын жарияламауды қалаған смартфон шығарушылардан $7,6 млн инвестиция алған. Егер бұл жобаға кедергі болмаса, 2018 жылы сутегі аккумуляторлы алғашқы телефон қолданысқа шығарылады.
Мобильдік құрылғы өндірушілер үшін шешімі табылмаған жалғыз кемшілік бар, ол - сутегі батареясын қолдану кезіндегі шығатын су буы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




