Белгілі журналист, жазушы Сейілғазы Әбдікәрімов дүниеден өтті
- author «Ақ жол»
- 10 ақпан, 2016
- 730
2016 жылдың 9 ақпаны күні Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Кинематографистер одағының лауреаты Сейілғазы Әбдікәрімов дүниеден өтті.
Сейілғазы Әбдікәрімов 1949 жылы 1 қарашада Қытайдың Тарбағатай аймағына қарасты Шағантоғай ауылында дүниеге келген. 1962 жылы ата жұрты Қазақстанға қоныс аударады. 1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық коллегиясында редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде аға тілші, Қазақ телевизиясында комментатор, Қазақ радиосында редакторлық. қызмет атқарған.
Жазушы «Аға сержант» атты екі бөлімді драманың, «Үрейлі күндер», «Көпекөрнеу», «Мазасыз түн», «Қанды қарымта» пьесалары мен «Беу, Қатира-ай» деген бір актілі комедияның авторы. «Көзбекөз» (1979), «Тастүлек» (1990), «Белес, белес, белестер» (1993) және «Өнер мұраты» (Е. Төлегеновпен бірігіп) жинақтарының, «Қазақ өнерінің ақ ордасында» (1997), «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» (1997), «Төбеде жалбыр бұлт көшіп», «Ақиқатқа куә болар Ай, Күн бар» кітаптарының, «Ғибратты ғұмыр» сериясы бойынша шыққан «Әмина» деректі повесінің (2006) авторы. «Ар» атты радио-пьесасы Қазақ радиосының Алтын қорына енген.Сонымен қатар «Қазақ өнерінің антологиясы» айдарымен дайындалған 40-қа жуық өнер адамдары жайлы хабары сақталған. «Қазақ өнері антологиясының» он томдық жобасының авторы әрі құрастырушысы. «Әйелімнің күйеуі» атты әңгімесі 1996 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлем әдебиеті» альманахында ағылшын тілінде жарық көрген.
Жазушы Сейілғазы Әбдікәрімовпен қоштасу 11 ақпан күні сағат 9 бен 10 аралығында Жазушылар одағында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




