«Әулиеата» халықаралық әуежайы – аэровокзал, аэродром, авиациялық-техникалық базаны қамтиды. Заман талабына сай күрделі жөндеу жұмыстары басталғанда бұл әуежайдан еліміздің бірнеше қаласына және шетелдерге де жаңа рейстердің ашылуы көзделген болатын. Бүгінгі таңда «SCAT» және «Эйр Астана» әуе компаниялары арқылы тәулік сайын Астанаға әуе кемелері жолаушылар тасымалдауда. Әуежайдың тағы бір үлкен жаңалығы бар. Алдағы жазда Тараздан ұшаққа отырған жолаушылардың бірден Мәскеу әуежайына қонатын мүмкіндігі туады. Яғни, ресейлік әуе компаниялары Мәскеуден Таразға, Тараздан Мәскеуге жаңа рейс ашу жөніндегі ұсынысқа келісті. Қазір келісім құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Мәскеуге тіке ұшатын ұшақ 5 шілде күні тұңғыш рет «Әулиеата» әуежайынан әуеге көтерілетін болады. Бір қызығы – Мәскеуге ұшатын ұшаққа қазірден бастап билеттер сатылуда. Жақында мұнда басшылық құрам өзгеріпті. Қазір «Әулиеата» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – Дәулет Хамзин. Ол осыған дейін «Әулиеата» халықаралық әуежайының директорлар кеңесінің төрағасы қызметінде болған. – Әуежайдың жаңартылғанын Елбасы өзі көріп кеткені белгілі. Мәскеуге ұшатын рейс ашылатыны тараздықтар үшін зор қуаныш. Алдағы жылдары еліміздің басқа қалалары мен Түркия сияқты шетелдерге де жаңа рейстер ашуға күш сала беретін боламыз. Оған жаңа әуежайдың сапасы мүмкіндік береді, – дейді әуежайдың жаңа басшысы Дәулет Хамзин.
Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




