Осыдан төрт ай бұрын Ертай ауылында 120 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Сонда ауыл тұрғындары ескі мектепті де ел игілігіне айналдыруды сұрап аудан басшыларына хат жолдаған-ды. Көптің тілегі қабыл болды. Бұрынғы мектеп орнынан 50 орындық балабақша ашу үшін оның құрылысына аудан бюджетінен 12,5 миллион теңге бөлді. Құрылыс жұмысын «Аль-Аркаржан и К» ЖШС жүргізді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ауылда «Самал» балабақшасының салтанатты ашылуы өтті. Оған ауыл тұрғындары жиналды. Мердігер мекеме – «Аль-Аркаржан и К» ЖШС-ның директоры Қаржаубай Шамшиев балабақша меңгерушісі Айдос Байболовқа ғимарат кілтін тапсырды. Бауыржан Момышұлы ауылында да «Еркемай» жеке балабақшасының ашылуы болды. Балабақшаны жеке кәсіпкер Алтынай Шамшиева өз үйінен ашып отыр. Ғимарат балабақша бүлдіршіндеріне қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Онда қазір жиырма бүлдіршін тәрбиеленуде. Кәсіпкер алты адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Марат Құлибаев, журналист. Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




