Биылғы жылы халық болып атап өтетін мерекелер мен маңызды іс-шаралар аз емес. Соның бірі де, бірегейі – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Қазақстанның Азаматтық альянсы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Әлеуметтік автокеруен» атты акциясын ұйымдастыруда. Облыс орталығында, Достық алаңынан бастау алған акция аудандарда жалғасын таппақ. Нақтырақ айтсақ, автокеруен «Тараз» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қолдауымен 10 ауданның тұрғындарына арзандатылған бағамен 385 тонна бақша және бакалея өнімдерін жеткізеді. Алдымен әлеуметтік автокеруен Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандарын аралайды. Жалпы акция елдің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерін айшықтау, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау, халықтың бірлігін нығайтумен қатар, жұртшылықты Мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісімге негізделген сара саясаттың төңірегіне топтастыруды көздейтінін айта кету керек. Облыстық Азаматтық альянсының төрағасы Зайчан Юлдашев қаржы дағдарысының әлеуметке тигізер әсерін төмендету, азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін осындай шара ұйымдастырылып отырғанын айтады. – Қазір кейбір азық-түлік бағасы бірнеше есеге көтерілгені рас. Бұл шара әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін қолайлы болмақ. Жеңілдетілген бағамен ұсынылып жатқан азық-түлік қазіргі экономикалық ахуалды тұрақтандыруға арналып отыр, – дейді З.Юлдашев.
Фариза Айтбек, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді