Samsung пен LG компаниялары 3D теледидар шығарудан бас тартуда
- author «Ақ жол»
- 9 ақпан, 2016
- 760
Оңтүстіккореялық теледидар өндірушілер өз өнімдеріндегі 3D технологияларынан бас тартуда, деп жазады жергілікті басылымдар. Samsung пен LG компаниялары 3D қолданатын теледидарларды шығаруды азайтып жіберген, алдағы уақытта бұл технология тек қымбат нұсқаларына ғана орнатылады.
LG өкілдерінің айтуына қарағанда, 2016 жылы осындай теледидар шығару екі есеге қысқартылады. Егер 2015 жылы LG компаниясының жаңа өнімдерінің 40% 3D қолданса, биыл олардың саны 20 пайызға азаяды. Бұл тек аса қымбат құрылғыларда ғана.
Pocket-lint жазуына қарағанда, Samsung 3D технологияны қолданудан бас тартқан. 3D көзілдірік шығарушылар осы компаниядан 2016 жылға тапсырыс алмаған. Сарапшылардың ойынша, бұл қадам - тұтынушыларға арналған құрылғыларды осы технологияның орнатылмайтындығын білдіреді.
Еске сала кетсек, соңғы 2-3 жылда 3D-контенттің кең таралмауы байқалуда. Ірі медиажелілер осы бағыттағы өнім шығаруын тоқтатты, шыға қалғанның өзінде ол белгілі бір мақсатқа арналған бірен-саран бағдарлама ғана.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




