Джеки Чанның қатысуымен түсірілген фильм лондондықтарды шошытты
- author «Ақ жол»
- 8 ақпан, 2016
- 545
Лондондықтарды Джеки Чанның қатысуымен түсірілген фильм қатты шошытты. Кейбіреулер қала орталығында автобустың жарылуын 2005 жылы лаңкестер шабуылының қайталануы деп те ойлап қалған.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, қойылымдық жарылыс Джеки Чан және Пирс Броснанның қатысуымен түсіріліп жатқан The Foreigner ("Шетелдік") фильмін түсіру кезінде болған. Жарылыс кездейсоқ өтіп бара жатқандардан қоршалған Ламбет көпірінде болды.
Лондондықтар алдағы қойылым туралы алдын ала айтылмағанына реніштерін білдірді. Кейбіреулеріне бұл оқиға 2005 жылдың 7 шілдесінде лаңкестердің метрополитеннің үш пойызы мен Тависток саябағындағы автобусты жаруын еске салды. Ол кезде лаңкестік әрекеттердің салдарынан 52 адам қаза тауып, тағы 700-і жарақаттанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




