Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты жүрек жұмысының бұзылуынан қайтыс болған
- author «Ақ жол»
- 8 ақпан, 2016
- 562
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты 65 жастағы Валерий Михин жүрек жұмысының бұзылуынан қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараз қаласындағы №2 аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықовқа сілтеме жасап.
"Валерий Михин 5 ақпанда сағат 18.45-те қайтыс болды. Апат кезінде алған күйігі пилоттың жүрек жұмысының бұзылуына әкелді. Он екінші күні оның жүрегі тоқтады", - деді дәрігер.
Дәрігерлердің айтуынша, пилот осы уақыт бойы жансақтау бөлімінде жасанды аппаратпен жатқан. Оның қасында үнемі ұлы мен әйелі болыпты. Қазір ұшқыштың денесі Тараз мәйітханасында, бірнеше сараптамадан кейін ол туыстарына беріледі. Еске сала кетейік, оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған еді. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. Апат орны аудан орталығынан 100 шақырым, ал Тараздан 220 шақырым жерде орналасқан. Кейін тікұшақ пилотын куәгерлер Тараздағы ауруханаға жеткізгені белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




