Жер салығы бюджетке толық көлемде түссін десек...

Жер салығы бюджетке толық көлемде түссін десек...
ашық дереккөз
Жер салығы бюджетке толық көлемде түссін десек...

Жер қорын салықтық түсім көзі ретінде пайдалану, жер салығы және жер телімдерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемі жергілікті бюджеттің түсім көзі болып табылады. Облыс аумағында барлығы 14 426,4 мың гектар жер болса, соның 4183,3 мың гектары немесе 29,0 пайызы салық салумен қамтылған. Одан тысқары 10243,1 мың гектар жер телімдері Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 372-бабының 3-тармағына сай салық салуға жатпайды. Осындай салық салынбайтын жерлердің үлесі 71,0 пайызды құрайды. Олар негізінен орман, су қорлары жерлері және ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері мен жалпы пайдаланудағы жерлер. Салық салумен қамтылған жер көлемінің ішінде 3471,5 мың гектары жер салығын төлесе, 711,1 мың гектары жер телімдерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемін (әрі қарай жер телімін жалдау төлемі) төлеумен қамтылған. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 372-бабының 1-тармағында барлық жерлер салық салу мақсатында ауылшаруашылығы мақсатындағы, елді мекен, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру және тарихи – мәдени мақсаттағы, орман қоры жерлері, су қоры және қосалқы жерлер санаттарына бөлінген. Соңғы 5 жылда осы көздер бойынша жер салығын толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында әр жылы тиянақты атқарылған әкімшіліктендіру жұмысының нәтижесінде түсім көлемінің тұрақты өсімі қамтамасыз етіліп келеді. Көрсеткіштерді кестеден көруге болды. Облыстық салық департаменті қызметкерлері тарапынан жан-жақты атқарылып жатқан әкімшіліктендіру жұмыстарының нәтижесінде жер салықтарының түсім көлемі соңғы бес жылда өсу қарқыны жағынан тұрақты сақталып келеді. Қорытындысында, соңғы бес жылда түсім көлемі 132,0 пайызға өсіп (1,4 есе) 192110,6 мың теңгеге, ал, өткен жылмен салыстырғанда 31749,0 мың теңгеге көбейіп отыр. Осындай өсу қарқыны үстіміздегі жылы да қамтамасыз етілетін болады. Жер телімін жалдау төлемінің 2012 жылы өсу қарқынының төмендеуі ең ірі төлеуші «Тараз металлургия зауыты» ЖШС–нің жер телімдерін тұрақты пайдалануға рәсімдеуіне орай жер салығының төлеушісі болуына байланысты қалыптасқан. Жер салығының толық көлемде бюджетке түсуін қамтамасыз етуде әкімшіліктендіру жұмысы «Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастар басқармасынан тоқсан сайын алынған мәліметі бойынша камералдық бақылау, «Жер ҒӨО» РМК Жамбыл филиалынан тоқсан сайын алынып отырған жер телімдерін рәсімдеу мәліметтері бойынша камералдық бақылау,

15

Салық кодексінің 386-бабында қарастырылған автотұрақтар (парковкалар), автомобильге май құю стансаларына бөлінген жер учаскелеріне 10-еселенген салық ставкасын қолданып есептелінуіне және осында жер телімдерін пайдалану мақсатына сай төлем жасалуына бақылау жасау бағыттарында жүргізілуде. Осы бағыттағы атқарылған жұмыс нәтижесінде өткен жылы жер салығынан 421 нысан бойынша 12,2 миллион теңге қосымша жер салығы есептелініп өндірілсе, жер телімдерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемінен 197 нысаннан 19,0 миллион теңге қосымша төлем есептелініп өндірілді. Ал, осы жылдың 4 айында жер салығынан 84 тұлғаға 6,3 миллион теңге, жер телімдерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемінен 4,8 миллион теңге қосымша төлем анықталып өндіру шаралары атқарылуда. Сол сияқты, 2014 жылдың осы кезеңіне дейін Тараз қаласы бойынша автотұрақ қызметін көрсететін 4 нысан анықталып, 338,2 мың теңге қосымша жер салығы есептелінді Жер салығын толық көлемде бюджетке түсіруде шешімін таппай отырған мәселе де бар. Мәселен, Тараз қаласында сырттай шолу бойынша автотұрақ қызметін көрсетумен айналысатын көптеген нысандар бар екендігі анықталған. Осындай нысандар ішінде автотұрақ қызметін көрсететін тұлға ретінде салықтық есепке тұрмай жер телімдерін пайдалану мақсатына сай рәсімдемеген тұлғалар да бар. Сондықтан, салық қызметкерлеріне осындай төлеушілерден жер салығын Салық кодексінің 386-бабында қарастырылған салық ставкасын қолданып, толық көлемде төлем төлетуге мүмкіндіктері болмай келеді. Осы мәселені шешуде жер телімдерінің пайдалану мақсатына сай рәсімделінуін қамтамсыз етуде облыстық жер инспекциясының жұмысы нәтижелі болмай отыр. Осы мәселе, 2014 жылы 14 сәуір күні облыс әкімдігінің кеңесінде облыс бойынша салық департаментінің басшысы А. Мелдебековтің ұсынысымен талқыланып, облыс әкімі К. Көкірекбаевтан қолдау тауып, уәкілетті орган басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Жер салықтары мен жер телімдерін уақытша пайдаланғаны үшін төлемдерінің жергілікті бюджеттің негізгі түсім көздерінің бірі екендігін ескерсек, осы мәселемен жергілікті атқарушы органдар мен өкілетті мемлекттік органдар бірлесіп, тиянақты нәтижелі жұмыс атқаруы қажет деп есептейміз.

Сайлау Кәрібаев, облыс бойынша салық департаментінің бас маманы.

Some are saprobes, while paper writing services others parasitize protists, plants, and animals

Ұқсас жаңалықтар