Ертеңіміздің еңселі, болашағымыздың баянды болуы жастарымыздың болмысына, білім деңгейіне, қабілеті мен парасат-пайымына тікелей байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға деген қамқорлығы мен Қазақстанның болашақ мүддесі үшін жүргізген мемлекеттік саясаттың нәтижесінде жастарға деген қамқорлық еселеп артуда. Елбасымыздың көреген басшылығы мен сара саясатының арқасында, еліміз жылдан-жылға гүлденіп, дамуы жүрегімізде қуаныш отын маздатып, оның жарқын болашағына деген сенімімізді арттыра түсуде. Осы орайда, еліміздің жаңа дамуы кезеңінде жегі құрт жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау – баршамызға ортақ міндет. Осы ой орамымды Елбасының «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, өскелең ұрпақтың алдында жауапкершілігімізді күшейтуіміз керек» деген сөзімен жалғағым келіп отыр. Себебі, жаңа заман жаңаша өзгерістерді талап етіп отыр. Елбасының сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қатал да бірізді ұстанымы осы жағдайға негізделген. Қоғамымыздың ең қауіпті індеттерінің бірі – жемқорлық еліміздің әлеуметтік ахуалы мен экономикасына нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық, оның ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік органдар мен қоғамның да, азаматтардың да жан-жақты назар аударылуын талап етеді. Сондықтан осынау қатерге мемлекет тарапынан қарсы күрес бүгінгі таңда бар пәрменділігімен жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – азаматтардың құқықтық сана-сезіміне, ар-ожданына, тәрбиесі мен біліміне, әр адамның намысына байланысты. Шынында, бұл кеселден құтылудың бір ғана жолы халықтық күрес, ұлттық намысқа табан тіреуде жатқаны анық. Қазіргі қоғамның бас ауыртар мәселесіне айналып отырған сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, болашақта ел тізгінін қолға алатын жас ұрпақтың қолында екені даусыз. Тәуелсіз елімізге жастарымыздың жасампаз еңбегі, күш-жігері және білімдері керек. Қазақстанның көркеюіне бағытталған жалпы мемлекеттік істерге біздің де қолдауымыз, белсене қатысуымыз қажет. Болашақ біздің қолымызда екенін ескерсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу өскелең ұрпақтың басты міндетіне айналуы тиіс. Ендеше, бірлігі жарасқан халқымызбен бәріміз бірігіп жемқорлық сынды індеттің тамырына балта шабайық. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Жастардың таңдауы – жемқорлықсыз өмір!
Айбол Темірбек, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді